tARGETAI LIMITED
ЖИ негізіндегі бейнеаналитика
Біз еліміздің қауіпсіз әрі ақылды болашағы үшін
технологиялық шешімдерді әзірлейміз.
Компания туралы
TargetAI — Қазақстандық IT-компаниясы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушысы және Astana Hub резиденті.

Компания 2019 жылы құрылған және бүгінде Қазақстандағы жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларына
негізделген бейнеаналитика жүйелерін әзірлеуші жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

TargetAI әкімдіктер мен құқық қорғау органдарына арналған ауқымды бейнеаналитика жобаларын жүзеге асырады.
Компания қолданыстағы бейнебақылау жүйелерімен интеграциялау арқылы бірыңғай платформаны қамтамасыз етіп,
деректерді қорғаудың жоғары деңгейін және халықаралық әрі Қазақстан Республикасының сапа стандарттарына толық сәйкестікті ұсынады.
Біздің миссиямыз
Біз еліміздің қауіпсіз әрі ақылды болашағы үшін технологиялық шешімдерді әзірлейміз.
IT-егемендік
Біз технологияларды Қазақстанда және Қазақстан үшін әзірлейтінімізді мақтан тұтамыз. TargetAI - еліміздің қауіпсіз, ақылды әрі қуатты болашағын қалыптастырып жатқан команда.
Жауапкершілік
Біз әріптестеріміздің, клиенттеріміздің және серіктестеріміздің алдында нәтижеге жауап береміз. Әрқайсымыз жұмысымыздың ауқымды жобалар мен серіктестердің сеніміне тікелей әсер ететінін түсінеміз. Сондықтан бастаған ісімізді әрдайым соңына дейін жеткізіп, берген уәдемізде тұрамыз.
Бизнес-нәтижеге бағдарлану
Біз әрбір шешімді компания мен клиент үшін тиімділік пен бизнес-логика тұрғысынан қабылдаймыз.
Біз мақсатымызға жақындататын істерге ғана назар аударамыз, жылдам әрекет етіп, дәл шешім қабылдаймыз.
100 петабайт
өңделетін деректер
99.9%
кепілдендірілген жұмысқа қабілеттілік (uptime)
3 000 000+
күн сайынғы бейнеаналитика оқиғалары
130 000+
белсенді камералар
Іске асырылған B2G жобалары
TargetAI мемлекеттік «Заң және Тәртіп», «Қауіпсіз мектептер», «Таза Қазақстан», Smart City бағдарламалары аясындағы B2G жобаларын толық цикл бойынша жүзеге асырады: зерттеу, пилоттық жобаны іске асыру, енгізу, интеграциялау, сүйемелдеу және шешімдерді ауқымдау.
TargetAI артықшылықтары
  • Кез келген камераларды қосамыз
    Қосылу түрі мен өндірушісіне қарамастан, камералардың 95%-ымен жұмыс істейміз.
  • Жасанды интеллектті қолданамыз
    Әртүрлі бизнес-міндеттерді шешу үшін нейрондық желілерді оқытамыз.
  • Жүйелермен интеграцияланамыз
    Үшінші тарап жүйелерімен, дерекқорлармен және құрылғылармен интеграция жасаймыз.
  • Бұлтты шешімдерді қолдаймыз
    Бұлт арқылы бейнебақылау камераларына қорғалған қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.
  • Камералардың жұмысын бақылаймыз
    Камералар мен CCTV инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін тәулік бойы (24/7) бақылауды жүзеге асырамыз.
  • Еліміздің экономикасын дамытамыз
    Қазақстанда өзіміздің әзірлеу және IT-қолдау командамыз бар. Біз өз еліміздің игілігі үшін өмір сүріп, еңбек етеміз.
ISO 15408 ОУД 5, ISO 9001:2015, ИС Атамекен №101 1 00023, CT-KZ
TargetAI-дің барлық шешімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық егемендік салаларындағы талаптарына сәйкес әзірленеді.
Сертификаттар
Біз туралы БАҚ
Платформаның демонстрациясына өтінім беріңіз
Міндеттеріңізді шешуге арналған TargetAI
бейнеаналитикасының мүмкіндіктерін бағалаңыз.
Байланыс

sales@targetai.kz


service.desk@targetai.kz

office@targetai.kz

+ 7 778 0 735 735


pr@targetai.kz


hr@targetai.kz


Астана, Мәңгілік Ел көш., 55/22, 326 кеңсе


Алматы, Мәметов көш., 54, 301 кеңсе