TargetAI - бейнебақылау және бейнеаналитикаға арналған әмбебап платформа. Ол жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен бейнебақылау камераларынан келетін бейнеағындарды өңдеп, талдайды.
Платформа әрбір жобаның талаптарына сәйкес жеке бапталады. Нақты уақыт режимінде маңызды детекцияларды (адамдар, көлік құралдары, заттар және т.б.), оқиғаларды, мінез-құлық түрлері мен белсенділіктерді мониторингтеп, тіркейді.
TargetAI артықшылықтары
Кез келген камераларды қосамыз
Қосылу түрі мен өндірушісіне қарамастан, камералардың 95%-ымен жұмыс істейміз.
Жасанды интеллектті қолданамыз
Әртүрлі бизнес-міндеттерді шешу үшін нейрондық желілерді оқытамыз.
Жүйелермен интеграцияланамыз
Үшінші тарап жүйелерімен, дерекқорлармен және құрылғылармен интеграция жасаймыз.
Бұлтты шешімдерді қолдаймыз
Бұлт арқылы бейнебақылау камераларына қорғалған қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.
Камералардың жұмысын бақылаймыз
Камералар мен CCTV инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін тәулік бойы (24/7) бақылауды жүзеге асырамыз.
Еліміздің экономикасын дамытамыз
Қазақстанда өзіміздің әзірлеу және IT-қолдау командамыз бар. Біз өз еліміздің игілігі үшін өмір сүріп, еңбек етеміз.
Камералар
TargetAI платформасы әртүрлі өндірушілердің камера модельдерінің 99%-ымен интеграцияланады және қолданыстағы қалалық бейнебақылау инфрақұрылымын да, жаңа құрылғыларды да қосуға мүмкіндік береді. Бейнеағындар оқиғаларды анықтау, нысандарды тану және қалалық ортаны мониторингтеу үшін AI-алгоритмдерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде талданады.
Аппараттық-бағдарламалық кешендер
Сызықтық учаскелер мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) жол жағдайын бейнемониторингтеуді, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауды және оқиғалар туралы ақпаратты құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелеріне жедел беруді қамтамасыз етеді. АБК халықаралық және қазақстандық стандарттарға толық сәйкес келеді, ал деректердің дәлдігі мен сенімділігі компанияның меншікті метрологиялық жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бейнежетондар
TargetAI платформасы жедел іс-қимылдарды нақты уақыт режимінде кешенді бақылауды қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері немесе құтқару қызметтері мамандарының кеудеге тағылатын бейнежетондарынан келетін бейнеағындарды талдай алады. Мұндай тәсіл қызметтік іссапарлардың ашықтығын қамтамасыз етеді, арнайы сигналдарды қолдану регламенттерінің сақталуын талдауға мүмкіндік береді және азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімін арттырады.
Дрондар
TargetAI платформасы кең аумақтарды нақты уақыт режимінде әуеден бейнемониторингтеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарымен интеграцияланады. Дабыл сигналы (өрт, түтіндену, рұқсатсыз кіру, адамдардың жаппай жиналуы) келіп түскен кезде жүйе оқиға координаттарын және ең жақын дронды іске қосу командасын автоматты түрде жібереді.
Жылу түсіргіштер
Жылу түсіргіш камералар қолайсыз ауа райы жағдайларында, нашар көріну кезінде, түнгі уақытта, сондай-ақ іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу барысында нысандарды мониторингтеу үшін TargetAI платформасына интеграцияланады. Тепловизорларды пайдалану адамдардың немесе жануарлардың бар-жоғын анықтауға, сондай-ақ өрт ошақтарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
ӨКС датчиктері және басқа IP-құрылғылар
TargetAI дабыл түймелерімен, өрт-күзет сигнализациясының датчиктерімен және басқа IP-құрылғылармен интеграцияланады. Платформа осы сигналдарды жақын маңдағы бейнебақылау камераларынан келетін бейнеағындармен біріктіріп, оларды оқиға анықталған жердің геолокациясы туралы ақпаратпен толықтырады. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды жедел бағалауға және тиісті шараларды шұғыл қабылдауға мүмкіндік береді.
GPS-трекерлер
TargetAI платформасын GPS-трекерлермен интеграциялау мобильді нысандардың: көлік құралдарының, дрондардың, патрульдердің немесе арнайы техниканың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қозғалыс туралы ақпарат TargetAI платформасына беріліп, цифрлық картада көрсетіледі, бұл жағдайды толық ахуалдық бақылауды қамтамасыз етеді.
Робот-ит
TargetAI аумақтарды автономды патрульдеу және объектілерді мониторингтеу үшін роботтандырылған платформалармен интеграцияланады. Робот-ит нақты уақыт режимінде бейнемониторинг жүргізіп, бұзушылықтар мен оқиғаларды анықтайды және жедел әрекет ету үшін дабыл сигналдарын жақын маңдағы қызметкерлерге және Жедел басқару орталығына жібереді.
Платформаның демонстрациясына өтінім беріңіз
Міндеттеріңізді шешуге арналған TargetAI бейнеаналитикасының мүмкіндіктерін бағалаңыз.
TargetAI-дан кеңес алу
Кеңес алу үшін өтінім қалдырыңыз. Менеджер сізбен 24 сағат ішінде байланысады.