ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ
TargetAI Алматы, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Павлодар және Атырау облыстарында жол қауіпсіздігі бағытындағы жобаларды жүзеге асырады.
Жол қауіпсіздігі — адам өмірін сақтауға, экономикалық тұрақтылық пен
әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін мемлекеттің
стратегиялық басымдығы. Бұл саланы цифрландыру жауапты көлік жүргізу
мәдениетін қалыптастыруға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға,
құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлық факторларын
болдырмауға, сондай-ақ полиция мен денсаулық сақтау жүйесіне түсетін
жүктемені азайтуға ықпал етеді.

TargetAI платформасы жол жағдайын тәулік бойы бейнемониторингтеуді,
жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтарды автоматты түрде
анықтауды және құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы ақпаратты
жауапты қызметтердің ақпараттық жүйелеріне жедел беруді қамтамасыз етеді.

Шешім халықаралық және қазақстандық стандарттарға толық сәйкес келеді.
Деректердің дәлдігі мен сенімділігі компанияның меншікті метрологиялық
жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Функционалдық мақсаты:
  • Жолдардың сызықтық учаскелері мен қиылыстарындағы жол жағдайын мониторингтеу;
  • Қазақстан Республикасы, Еуропа елдері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану;
  • Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, оның ішінде тәуліктің қараңғы уақытында автоматты түрде тіркеу;
  • Жылдамдық режимін, орташа жылдамдықты асыруды, қауіпсіздік белдігінің тағылмауын, тыйым салатын бағдаршам сигналына өтуді және басқа да ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу;
  • Екі дөңгелекті көлік құралдарын тану: мотоциклдер, мопедтер, самокаттар;
  • Жол-көлік оқиғалары мен көлік ағындарын талдау;
  • Жол-көлік оқиғаларының мән-жайларын анықтау үшін бейнеархивтен бейнедәлелдерді алу мүмкіндігі;
  • Қылмыстық мақсатта пайдаланылатын көлік құралдарын іздеу;
  • Жүргізуші куәлігінің жарамдылығын, сақтандыру мен техникалық байқаудың болуын тексеру;
  • Оқиғалар туралы ақпаратты ЖБО 2.0 жүйесіне беру;
  • ӘҚБтК БТ, БДБЖ және «Техникалық байқау» БАЖ-мен интеграциялау;
  • Ақылды бағдаршамдармен және жаяу жүргіншілер өткелдерімен интеграциялау;
  • Дрондармен интеграциялау: жол жағдайын әуеден бақылау.
Енгізу нәтижесі
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайту
  • Жол-көлік оқиғасы орнында хаттамаларды рәсімдеу үдерістерін жеделдету
  • Құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау
  • Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді тәсіл
  • Көлік ағындарын болжау
  • Жол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру
  • Қоғамдық және арнайы көлікке басымдық беру
  • Көлік ағындарын аналитикалық дашбордтарда визуализациялау арқылы толық цифрлық бақылауды қамтамасыз ету
Құрылғылар
TargetAI кез келген IP-камералармен үйлесімді, бұл платформаны ірі қалаларда масштабтауға және оны қосымша шығындарсыз қолданыстағы бейнебақылау инфрақұрылымымен интеграциялауға мүмкіндік береді.
  • Камералар
    Қоғамдық бейнебақылау және жол қауіпсіздігі камераларын бірыңғай терезеде біріктіру.
  • Сызықтық учаскелер мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК)
    Жол жағдайын бейнемониторингтеу, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау және оқиғалар туралы ақпаратты ақпараттық жүйелерге жедел беру
  • Дрондар
    Жол жағдайын нақты уақыт режимінде әуеден мониторингтеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарымен интеграциялау
  • Бейнежетондар
    Қызметтік іссапарлар мен жедел іс-қимылдарды кешенді бақылауды қамтамасыз ету үшін қызметкердің бейнежетонынан бейнеағынды шығару
  • Ақылды бағдаршамдар
    Көлік қозғалысының біркелкі ағынын қамтамасыз ету және кептелістердің пайда болуына жол бермеу үшін бағдаршам фазаларын зияткерлік басқару
  • Ақылды жаяу жүргіншілер өткелдері
    Жаяу жүргіншілер бағдаршамдарының фазаларын автоматты түрде ауыстыру үшін жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы адамдардың болуын және тығыздығын зияткерлік талдау
Платформаның демонстрациясына өтінім беріңіз
Міндеттеріңізді шешуге арналған TargetAI
бейнеаналитикасының мүмкіндіктерін бағалаңыз.
Сондай-ақ қараңыз
Экологиялық және санитарлық жағдайды мониторингтеу
Қоғамдық кеңістіктерді мониторингтеуге арналған, бейнеағынды құқық қорғау органдарының Жедел басқару орталықтарына және әкімдіктердің ахуалдық орталықтарына жіберетін қалалық платформа.
Мектептердегі кешенді қауіпсіздік жүйесі
Білім беру ұйымдарында AI-бейнеаналитиканы енгізу балалар мен жасөспірімдердің кешенді қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі болып табылады.
Орманды қорғау
Ормандарда, далаларда, егістіктерде және жайылымдарда түтіндену немесе өрт ошақтарын автоматты түрде анықтау үшін жерүсті бейнебақылау камералары мен патрульдік дрондардан алынатын бейнеағындарды мониторингтеу және талдау.
Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі
Қоғамдық кеңістіктерді мониторингтеуге арналған, бейнеағынды құқық қорғау органдарының Жедел басқару орталықтарына және әкімдіктердің ахуалдық орталықтарына жіберетін қалалық платформа.
Байланыс

sales@targetai.kz


service.desk@targetai.kz

office@targetai.kz

+ 7 778 0 735 735


pr@targetai.kz


hr@targetai.kz


Астана, Мәңгілік Ел көш., 55/22, 326 кеңсе


Алматы, Мәметов көш., 54, 301 кеңсе